Биыл «Үлкен шлем» сериясы екінші турнирінде әйелдердің жеке сайысында Қазақстанның намысын Зарина Дияс пен Юлия Путинцева қорғайды. Ал, Михаил Кукушкин ерлер арасындағы жарыста күш сынамақ.
WTA рейтингінің 53-ші орнын иеленген Дияс турнирде поляк спортшысы Магда Линеттпен (67) кездеседі. Әлемнің 93-ші ракеткасы Путинцева екінші айналымда ұлыбританиялық Йоханна Контамен (22) ойнайды.
Кукушкин (91) «Ролан Гаррос» стартында испандық Альберт Рамоспен (36) күш сынайды.
Барлық матчтар жексенбі, 27 мамырға жоспарланған.
Фото: Corinne Dubreuil / FFT