НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Хертогенбос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 134-орында тұрған қазақстандық теннисші осы турнирдің тоғызыншы, әлемнің 55-ракеткасы бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен кездесті.
Е.Рыбакина екі партияда 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.
Е.Рыбакина жүлде қоры 250 мың еуро болатын турнирдің жартылай финалына шығу үшін әлемнің 69-ракеткасы, бельгиялық Кирстен Флипкенспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Хертогенбос, Зарина Диястың Манчестер турнирінің екінші айналымына, Александр Недовесовтің Шымкент жарысының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).