НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Нао Хибиномен кездесті.
Е.Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 139-орында болса, қарсыласы 123-сатыда еді.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 7:5, 7:5 есебімен ұтты.
Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.
Осылайша Е.Рыбакина негізгі турнирге өтті.
Осыған дейін «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).