Теннис: Шведова «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Таиландтың Хуахин қаласында өтіп жатқан WTA Challenger «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты. Жарыстың жүлде қоры - 115 мың АҚШ доллары.

Алғашқы ойында жерлесіміз турнир қожайыны Камонван Буаямды үш сетте - 6:2, 3:6, 6:1 есебімен ұтты.

Енді келесі кезеңде Я.Шведова қытайлық Чанг Лу мен таиландтық Ноппаван Летчивакан жұбының жеңімпазымен кездеседі, деп хабарлайды kazsport.kz.