НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов фин Отто Виртаненмен бірге жұптық сында елордада Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Т.Скатов пен О.Виртанен алғашқы айналымда ресейліктер Богдан Бобров – Евгений Донскоймен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-финдік жұп 45 минутқа созылған матчта айқын басымдылық көрсетіп, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Т.Скатов пен О.Виртанен жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, америкалықтар Джексон Уизроу – Натаниэл Лэммонспен таласады. Америкалық жұп бірінші кездесуінде қазақстандық Денис Евсеев пен өзбекстандық Денис Истоминді жеңген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Роттердамда әлемнің жетінші ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан турнирінде тағы екі қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).