АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Ухань қаласындағы турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Зарина Дияс румыниялық Ирина-Камелия Бегумен кездесті.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, осының алдында Сеул турнирінің чемпионы атанған И.Бегу тартысты бәсекеде 7:6, 7:6 есебімен ұтты. 1 сағат 45 минутқа созылған матчта қарсыластар үш брейктен жасады.
И.Бегу үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 18-інші ракеткасы, US Open турнирінің финалисі, итальяндық Роберта Винчимен күш сынасады.
Айта кетейік, бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте И.Бегу 26-сатыға көтерілсе, З.Дияс 41-іншіден 42-інші орынға сырғыды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).