Оған қазақстандық теннисшілер де қатысады. Жиырма жасар Зарина Дияс алғашқы айналымда франциялық теннисші, өзінен бір-ақ жас үлкен Кристина Младеновичпен шеберлік байқасады. Ал осы аптада Хертогенбосх (Нидерланды) турнирінде ширек финалға дейін жеткен Ярослава Шведова чехиялық Кристина Плишковамен кездеседі. Бұлардың екеуі де - жақсылап ойнаса, ұтуға болатын қарсыластар. Ал Уимблдондағы ерлер турнирінде қазақстандық Андрей Голубевке жеребе бойынша бірден әлемдегі ең мықтылардың бірі, сербиялық Новак Джокович түсті. Михаил Кукушкин Дуди Села (Израиль), Александр Недовесов Лу Ень-Хсунмен (Тайвань) кортқа шығады. Айта кетейік, Зарина Диястан басқаларының бәрі де - шеттен келіп, Қазақстан азаматтығын алған ойыншылар.
02:20, 21 Маусым 2014
ТЕННИС: Уимблдон турнирінде З.Дияс пен Я.Шведова қос Кристинамен кездеседі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 23 маусым-5 шілде аралығында әлемнің теннис сүйер қауымының назары «Үлкен дулығаның» бірі болып есептелетін Уимблдон турниріне аумақ.