АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева мен ресейлік Вероника Кудерметова Лимож (Франция) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Г.Воскобоевамен В.Кудерметова жұптық сынның жартылай финалында осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген румыниялықтар Михаэла Бузэрнэску мен Моника Никулескуді ұтты.
Қазақстандық және ресейлік теннисші 4:6, 6:1, 10:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылды.
Финалда Г.Воскобоевамен В.Кудерметова чемпиондық атақты осы жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген тағы бір ресейлік Вера Звонарева және швейцариялық Тимя Бачинскимен сарапқа салады.
Айта кетейік, жекелей сында финалда ресейлік теннисшілер Екатерина Александрова мен Евгения Родинаөзара кездеседі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).