НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Лугано (Швейцария) турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы тунирдің 1-ракеткасы болып тіркелген Воскобоева мен Кудерметова жұптық сынның ширек финалында германиялық Мона Бартель мен швейцариялық Ксения Нолмен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:7 (4:7), 6:1, 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.
Г.Воскобоева мен В.Кудерметова финалға шығу үшін осы жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген жұп, швейцариялық Белинда Бенчич пен словакиялық Виктория Кузьмовамен таласады.
Айта кетейік, 21 жасар Вероника Кудерметова жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. Ол ширек финалда словениялық Полона Херцогпен шеберлік байқасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).