Теннис: Воскобоева жұптық сында Юрмала турнирінің финалына шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Галина Воскобоева латвиялық Елена Остапенкомен бірге Юрмала (Латвия) WTA турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің 1-ракеткасыболып тіркелген қазақстандық-латвиялық жұп жартылай финалда румыниялық ИринаМария Барэ мен словениялық Далила Якуповичпен кездесті.

Біріншіпартия барысында румыниялық-словениялық жұп есеп 5:4 болған мезетте сетке допбергенімен, мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Тай-брейкте Воскобоева менОстапенко айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:1).

Екінші сеттеқазақстандық-латвиялық жұп есеп 2:2 болғаннан кейін қос бірдей брейк жасап,қарсыластарына дес берген жоқ – 6:2.

Бәсеке 1сағат 20 минутқа созылды.

Воскобоевамен Остапенко финалда канадалық Шэрон Фичмен мен сербиялық Нина Стояновичпенбас жүлдені сарапқа салады.

Тағы бірқазақстандық Тимофей Скатов жекелей сында Дения (Испания) ITF турнирініңфиналына шықты. Ол соңғы бәсекеде испаниялық Карлос Алкарас Гарфиямен кортқашығады.

Еске салакетейік, бұдан бұрын Г.Воскобоева мен Е.Остапенконың Юрмала турнирінің жартылайфиналына шыққанын, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің Прага жарысының финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.