НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева латвиялық Елена Остапенкомен бірге Юрмала (Латвия) WTA турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирдің1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-латвиялық жұп финалда канадалық ШэронФичмен мен сербиялық Нина Стояновичпен бас жүлдені сарапқа салды.
Біріншіпартияда Воскобоева мен Остапенко басым түсті - 6:2.
Екінші сеттартысты өрбіп, тай-брейкке ұласты. Ол қарсыластарының пайдасына шешілді - 7:6(7:1). Содан кейін де Фичмен мен Стоянович қарқынын бәсеңдетпей, матчтыжеңіспен түйіндеді - 10:6.
Тағы бірқазақстандық Тимофей Скатов Дения (Испания) ITF турнирінің финалында корт иесіКарлос Алкарас Гарфиядан жеңіліп қалды.
Еске салакетейік, бұдан бұрын Г. Воскобоеваның Юрмала турнирінің финалына шыққанын,қазақстандықтар Александр Бублик пен Зарина Диястың Вашингтон жарысына қатысатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).