АСТАНА. ҚазАқпарат - Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралия ашық чемпионатында қазақстандық Ярослава Шведова пуэрто-рикондық Моника Пуигті 6:2, 7:6 есебімен ұтып, үшінші айналымға жолдама алды.
Чемпионат.ком сайтынан түскен мәліметке қарағанда, әлемнің 66-ыншы ракеткасы Я.Шведова енді қытай қызы, дүниежүзілік сатыда 21-інші орында тұрған Пэн Шуаймен кездеседі. П.Шуай - Қытай елінің басты үміті. Өйткені Австралия ашық чемпионатының өткен жылғы жеңімпазы, қытайлық Ли На 2014 жылы спорттық жолын аяқтаған болатын.
Еске сала кетейік, бүгін сондай-ақ қазақстандық Зарина Дияс словакиялық Анна Шмидловамен үшінші айналымға шығу үшін таласады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).