АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 75-інші ракеткасы Ярослава Шведова Колумбияның Богота қаласында мәреге жеткен халықаралық турнирдің финалында бразилиялық Тельяна Перейрамен күш сынасты.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, тартысты өткен бірінші партияда бразилиялық теннисші тай-брейкте 7:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші партия 6:1 есебімен Т.Перейраның пайдасына шешілді.
Бұл - бразилиялық теннисшінің халықаралық турнирдегі бірінші жеңісі.
Богота турнирінің жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары болғанын еске сала кетейік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).