АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы турнирде үшінші айналымда даниялық Каролина Вознякимен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 64-інші орында тұрса, Каролина Возняцки кезінде көш бастаған ойыншы болатын. Турнирге 10-ыншы ракетка болып қатысқан Каролина мен Ярославаның тартысты ойыны 2 сағат 31 минутқа созылды. Бірінші партияда тайбрейкте 7:6 есебімен даниялық жеңіске жетсе, екіншісінде қазақстандық спортшы 6:3 есебімен есе қайтарды. Алайда шешуші сетте К.Возняцки 6:1 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.
Айта кетейік, бұл ірі додаға осы турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, әйгілі ресейлік теннисші Мария Шарапова да қатысуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).