Теннис: Я.Шведова Хертогенбос турнирiнiң екiншi айналымына өттi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшi Ярослава Шведова Нидерландыдағы Хертогенбос қаласында өтiп жатқан әйелдер арасындағы Topshelf Open турнирiнiң бiрiншi айналымында словакиялық Доминика Цибулкованы жеңiп, келесi кезеңге өттi.

Үш сетке жалғасқан матчта Шведова өзiнiң қарсыласынан 6:2, 3:6, 6:3 есебiмен басым түстi.

Айта кетейік, Topshelf Open турнирiнiң жалпы қоры 250 мың АҚШ долларын құрап отыр.