ТЕННИС: Я.Шведова Хертогенбос турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 76-ыншы сатыда тұрған Ярослава Шведова Хертогенбос (Голландия) турнирінің ширек финалына шықты.

Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Ярослава екінші айналымда әлемнің 94-інші ракеткасы, жаңазеландиялық Марина Эраковичті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Я.Шведова жартылай финалға шығу үшін осы турнирдің бесінші ракеткасы, итальяндық Камила Джорджимен күш сынасады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы З.Дияс Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан тағы бір халықаралық турнирдің екінші айналымында ертең дүниежүзілік рейтингте 129-ыншы орында тұрған американдық Сачия Викеримен кортқа шығады.