WTA рейтингінде 220-орында тұрған Ярослова жекелей сында 22-ші сатыда тұрған словакиялық Доминика Цибулковамен кездескен болатын. 1 сағат 19 минутқа созылған бұл сайысты қазақстандық теннисші жарақатына байланысты орта жолда үзуге мәжбүр болды.
Бұған дейін ол ресейлік Вера Душевинамен бірге жұптық сында ширек финалда жапондық Шуко Аома мен Рика Фудзиварамен кездескен болатын. Бұл сайыста жапон тенисшілері 5:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Ярослово мен Вера енді жартылай финалда Польша спортшылары Клаудиа Енс пен Игнасик/Алисия Росольскамен кездеседі.