Теннис: Я.Шведова З.Диясты ұтқан М.Киспен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мельбурн қаласында теннистен өтіп жатқан Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Ярослава Шведова жарысты жеңіспен бастады.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Ярослава бірінші айналымда болгариялық Цветана Пиронкованы 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Енді ол екінші айналымда американдық, әлемнің 17-інші, осы турнирдің 15-інші ракеткасы Мэдисон Киспен кездеседі. М.Кис бүгін қазақстандық Зарина Диясты 7:6, 6:1 есебімен жеңген болатын. Ерлер арасындағы бәсекеде бүгін сондай-ақ қазақстандық Михаил Кукушкин де португалиялық Жоау Соузаға үш партияда есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Сонымен, жекелей сында Қазақстаннан Я.Шведова мен Юлия Путинцева ғана екінші айналымға өтті.