ТЕННИС: Я.Шведова жұптық сында US Open турнирінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кэйси Деллакуамен бірге жұптық сында US Open турнирінің финалына шықты.

Я.Шведова мен К.Деллакуа аса тартысты өткен жартылай финалдық матчта неміс теннисшісі Анна-Лена Гренефельд және американдық Коко Вандевегені 6:7, 7:5, 7:5 есебімен ұтты. Бұл кездесу жаңбырдың кесірінен бір күнге кейінге қалдырылған болатын.

Қазақстандық пен австралиялық теннисші финалда жұптық сын бойынша әлемнің бірінші ракеткалары, швейцариялық Мартина Хингис және үндістандық Саня Мирзамен күш сынасады.

Айта кетейік, 12 қыркүйектегі туған күніне өзі осылайша керемет сый жасаған 28 жастағы Я.Шведова бұдан бұрын жұптық сында 2010 жылы Уимблдон және осы US Open турнирінде жеңімпаз атанған болатын.

Фото с сайта zimbio.com