деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Юрий Щукин және оның әріптесі чехиялық Душан Лойд бүгін польшалық теннисшілер Джерси Янович пен Михал Пржучезныді жеңді. Бұның алдында, сәрсенбі күні олар аргентиналық жұп Андреа Арнабольди мен Андрес Молтениді 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Жартылай финалға жолдама алған Ю. Щукин мен Д. Лойд өздеріне турнир жүлдесінің 1840 доллар сыйақысын қамтамасыз етіп, әлемдік рейтингтегі ұпайларын 40-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды.
Жекелей сында Щукин мен Лойдтың жолдары түйісіп отыр. Олар бір-бірімен жартылай финалдың жолдамасы үшін ракетка түйістіреді. Еске сала кетейік, жекелей сында Щукин алғашқы айналымда корт қожайыны Бартош Савицкиді 6:1, 6:0 есебімен жеңген еді. Одан кейін қазақстандық теннисшіге Андрев Арнабольди қарсылас атанды. Оны да тізе бүктірген Щукин ширек финалға шыққан болатын.
Познань қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жүлде қоры 85 мың еуроны құрайды.