Әлемнің 35-ракеткасы Ю.Путинцева екінші айналымда рейтингте 351-орындағы Беларусь өкілі Вера Лапкомен кездесті.
Биыл 25-ке толған Ю.Путинцеваның тәжірибесі молырақ болса, 21 жастағы қарсыласы жарысқа арнайы шақыртумен қосылған еді.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші өз басымдылығын таныта білді – 6:3.
Екінші сетте де Юлия брейкпен алға шыққанымен, Вера қайта теңестірді – 1:1. Дегенмен қазақстандық спортшы тағы екі брейк жасап, есепті 4:1-ге жеткізді. Бұдан кейін В.Лапко екі брейкпен есепті қысқарта алды – 3:5. Ақыры қазақстандық теннисші матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.
Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.
Ю.Путинцева жүлде қоры 53,4 млн АҚШ доллары болатын доданың үшінші айналымында Беларусь елінің тағы бір өкілі, әлемнің 106-ракеткасы Александра Сасновичпен күш сынасады. Юлия өткен жылғы чемпионатта үшінші айналымнан аса алмаған болатын. Биыл сол көрсеткішін жақсартатындай мүмкіндігі бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның АҚШ-тың ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын, ал Зарина Диястың жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.