АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-інші ракеткасы Зарина Дияс Дубай турнирін жеңіспен бастады.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина алғашқы айналымда германиялық, дүниежүзілік рейтингте 63-інші орында тұрған Анника Бекті 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. З.Дияс екінші айналымда тағы бір германиялық теннисші Андреа Петковичпен шеберлік байқасады. Ол - А.Бекке қарағанда, әлдеқайда тәжірибелі теннисші әрі осы турнирдің тоғызыншы ракеткасы.
Дубай турнирінің жүлде қоры 2,513 млн. АҚШ доллары екендігін айта кетейік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).