АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс финалға шықты.
Зарина жартылай финалда тайландтық Луксика Кумкхумды 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Енді финалда Зарина Дияс австралиялық, әлемнің 18-інші, осы турнирдің бірінші ракеткасы әрі өткен жылғы жеңімпазы Саманта Стосур немесе украин қызы Элина Свитолинаның біреуімен кездеседі. З.Диястан бір жас кіші, аталмыш жарыстың үшінші ракеткасы Элина әлемдік рейтингте 31-інші орында. Ал Зарина әлемнің 37-інші, осы турнирдің бесінші ракеткасы екені мәлім.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).