АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бүгін Токио турнирінің екінші айналымында поляк қыз Магда Линетпен кортқа шықты.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, З.Дияс қарсыласына 2:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Әлемдік сатыда 43-інші орында келе жатқан З.Дияс осы турнирдің екінші ракеткасы болатын. Соған қарамастан, өзінен рейтингте төмен тұрған теннисшіден ұтылып қалды.
Ширек финалда Магда Линетт Тайвань елінің өкілі Се Шувэймен күш сынасады.
Фото: ©Getty Images
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).