ОРАЛ. ҚазАқпарат - Американың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс алғашқы айналымда украиналық Леся Цуренконы ойсырата ұтты.
Зарина 1 сағат 10 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:2 есебімен алға шықты.
Екінші айналымда әлемдік рейтингте 48-орында тұрған З.Дияс америкалық 15 жасар Катрин Беллиспен шеберлік сынасады. К.Беллис словакиялық, әлемнің 13-інші ракеткасы Доминика Цибулкованы күтпеген жерден (6:1, 4:6, 6:4) ұтып кетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).