Теннис: З.Дияс В.Звонареваны ұтты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Уимблдон турнирінде қазақ теннисшісі үшінші айналымда ресейлік Вера Звонареваны тізе бүктірді.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина 2 сағат 6 минутқа созылған тартысты кездесуде 7:6, 3:6, 6:3 есебімен жеңді.

З.Дияс төртінші айналымда румыниялық, әлемнің үшінші ракеткасы, биылғы Ролан Гаррос турнирінің финалисі Симона Халеппен шеберлік байқасады.