Теннис: Заңғар Нұрланұлы Словакиядағы турнирдің финалына шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Словакияда өтіп жатқан Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы Baseline Open U14 2022 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар жартылай финалда Қытайдың осы жастағылар бойынша бірінші ракеткасы Янхонг Лиді тас-талқан етіп жеңді - 6:1, 6:1.

Финалда 13 жасар қазақстандық теннисші словакиялық Зиго Шешкомен бас жүлдені сарапқа салады.

З.Нұрланұлы жұптық сында да З.Шешкомен бірге финалға шықты. Олар соңғы бәсекеде қытайлық Я.Ли - чехиялық Ян Растицамен сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.