НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зара Дәркен Еуропа теннис федерациясының жаңартылған жасөспірімдер рейтингісінде 21-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл – 13 жасар, Ақтөбенің тумасы Зара үшін әзірге үздік көрсеткіш.
Рейтингілік 360 ұпай жинаған З.Дәркен 14 жасқа дейінгілер арасынан бірден 30-дан 21-сатыға жоғарылады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зара Дәркеннің Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде үздік 30 теннисшінің қатарына кіргенін, Минскідегі турнирдің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Аустралияда қатаң карантинде жатқан теннисшілер үшін турнир өтеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).