НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Чикаго WTA 125 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 79-ыншы, осы жарыстың 5-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте корт иесі сәтті ойнай алды – 7:6 (7:2). Есесіне екінші сетте Зарина қарымта қайтарды – 7:6 (7:5).
Үшінші, шешуші партияда З.Дияс жеңісті жұлып алды – 6:4.
Бәсеке аса тартысты өтіп, 2 сағат 41 минутқа созылды.
Матч барысында қарсыластар эйс жасаған жоқ. Зарина 22 брейк-пойнттың 9-ын пайдаланды. Бренгл 15 брейк-пойнттың 8-ін өз есебіне жазды.
З.Дияс ширек финалға шығу үшін рейтингте 117-сатыдағы италиялық, 34 жастағы тәжірибелі теннисші Сара Эрранимен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Цинциннати турнирін жеңіспен бастағанын, Александр Бубликтің сол мастерс жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің екінші айналымына өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).