НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 77-ракеткасы З.Дияс жартылай финалда рейтингте 157-орында тұрған америкалық Сачия Викеримен шеберлік байқасты.
Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұған дейін олар өзара екі мәрте кездесіп, есеп 1:1 болған еді. Енді Зарина 2:1 есебімен алға шықты.
Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында З.Дияс әлемнің 72-інші, осы турнирдің 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линь немесе рейтингте 251-сатыдағы франциялық Хармони Танның біреуімен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Гонконгтағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, ал Юлия Путинцеваның жылдың беташар матчын Брисбенде өткізетінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).