АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс алғашқы кездесуін өткізді.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, З.Дияс испандық теннисші Сильвия Солер-Эспиносаны 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Енді ол екінші айналымда словакиялық Даниэла Гантухова немесе голландиялық Рихел Хогенкамптың қай жеңгенімен шеберлік сынасады.
Айта кетейік, 19 қаңтарда басталатын Австралияның ашық чемпионатына Зарина Дияс алғаш рет ешқандай іріктеусіз қатысады. Бұған оның әлемдік рейтингтегі жоғары орны мүмкіндік беріп отыр. Бүгін жаңартылған әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингісінде Зарина тағы бір саты жоғарылап, 31-інші орынға жайғасты. Яғни үздік отыздық та қол созым жерде тұр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).