АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші, әлемнің 96-ракеткасы Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған эстониялық тәжірибелі спортшы Кайя Канепимен шеберлік байқасты.
З.Дияс 6:3, 7:6 (8:6) есебімен екі партияда жеңіске жетті.
Тартысты кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.
Зарина ширек финалда америкалық, әлемдік рейтингте 179-сатыда тұрған Франческа Ди Лоренцомен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Михаил Кукушкиннің жарақатына байланысты Дубай турнирінде ойнаудан бас тартқанын,
Зарина Диястың Индиан-Уэллстегі жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар тағы бір қазақстандық Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол жартылай финалға шығу үшін франциялық, әлемнің 222-ракеткасы Максим Жанвьемен таласады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).