Теннис: Зарина Дияс Лозаннадағы турнирдің ширек финалына шықты
19:35, 16 Шілде 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Лозаннадағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Турнирдің 1/8 айналымында қазақстандық спортшы Италия өкілі Камила Джоджимен кездескен болатын.
Үш сетке созылған кездесуде Зарина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші айналымда Зарина франциялық Каролин Гарсиямен жолығады.