Myscore.ru спорт сайтынан алынған мәліметке қарағанда, осы жарыстың іріктеу сайысының финалында қазақстандық теннисші австралиялық Айла Томляновичтен жеңіліп қалғанымен, негізгі турнирге лаки лузер ретінде қосылды. Ал кезінде әлемдік рейтингте көш бастаған Анжелика Кербер қазіргі кезде 12-інші орында келеді. А.Кербер - З.Дияс жұбының жеңімпазы екінші айналымда румыниялық Ирина Бегу немесе қытайлық Шуай Пэннің біреуімен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева, сондай-ақ ерлер арасында Михаил Кукушкин іріктеу сайысының жартылай финалынан аса алмады.
Жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын Рим турнирі 20 мамырда мәреге жетеді.
Айта кетейік, бүгін жаңартылған дүниежүзілік рейтингте З.Дияс 54-орында қалса, Ю.Путинцева 85-тен 80-інші сатыға көтерілді. М.Кукушкин де көрсеткішін жақсартып, 96-дан 91-орынға ауысты.
11:04, 14 Мамыр 2018
Теннис: Зарина Дияс Рим турнирінде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасымен ойнайды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-інші ракеткасы Зарина Дияс Рим турнирінде германиялық Анжелика Кербермен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.