АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Рим турнирінің алғашқы айналымында болгариялық Цветана Пиронковамен кездесті.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина қарсыласын 7:5, 6:1 есебімен онша қиналмай ұтты. Екінші айналымда қазіргі таңда дүниежүзілік рейтингте 34-інші орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің алтыншы ракеткасы, канадалық Эжени Бушармен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Рим турнирінің жүлде қоры 2,7 млн. астам АҚШ долларын құрайды. Бұл «үлкен дулығаның» бірі «Роллан Гарос» жарысы алдындағы соңғы сын болып табылады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).