АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-інші ракеткасы Зарина Дияс Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінің алғашқы айналымында америкалық Серена Уильямспен кездеседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирін 23 рет ұтқан С.Уильямс өткен жылы сәбилі болғаннан кейін теннистен уақытша қол үзіп, дулы ортаға қайта қосылған болатын.
Бір қызығы, З.Дияс С.Уильямсты ұтып кетсе, екінші айналымда оның апасы, әлемнің 8-інші ракеткасы Винус Уильямспен шеберлік байқасады.
Тағы бір қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингте 81-інші орында тұрған Юлия Путинцева бірінші айналымда бельгиялық, әлемнің 50-інші ракеткасы Элисон Ван Эйтванкпен күш сынасады.
Айта кетейік, Зарина Дияс бұған дейін Серена Уильямспен екі мәрте кортқа шыққан. Қазақстандық теннисші 2015 жылы осы Индиан-Уэллс турнирінде 2:6, 0:6, 2016 жылы Майами қаласында 5:7, 3:6 есебімен ұтылған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).