АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токио турнирінің алғашқы айналымында чехиялық Барбора Стрыцовамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрайтын турнирдің 8-інші ракеткасы болып тіркелген Б.Стрыцова рейтингте 25-інші, ал Зарина 94-інші орында тұрған еді.
Бірінші партияда чехиялық теннисші 6:4 есебімен басымдылық көрсетті.
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Барбора брейк жасап, алға шықты. Ақыры ол бұл партияда да 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.
Зарина Дияс бұл жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған болатын.
Еске сала кетейік, кеше тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның Гуанчжоу турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз. Ол екінші айналымда германиялық Сабина Лисицкимен кортқа шығады.
Бұл жарыстың жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).