АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токионың негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік рейтингте 65-інші орында тұрған З.Дияс іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда жапониялық, әлемнің 314-інші ракеткасы Мияби Инуэні 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін финалда рейтинтге 318-інші сатыдағы тағы бір жапониялық Риса Одзакиді 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Зарина Диястың Токионың негізгі турниріндегі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін З.Диястың Хиросима турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз. Бұл жарыста финалда америкалық 17 жасар Аманда Анисимованы жеңген Қытайлық Тайбэйдің өкілі Се Шувэй чемпион атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).