Теннис: Зарина Дияс үшінші айналымнан аса алмады

ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық теннисші Зарина Дияс үшінші айналымда румыниялық, әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Симона Халеппен күш сынасты.

Алғашқы ондыққа жақын тұрған С.Халеп екі партияда (6:1, 6:4) жеңіске жетті. Зарина үшінші айналымнан аса алмаса да, осының өзін үлкен табыс деп есептеуге болады. Қазір ол әлемдік рейтингте 152-інші орында тұрса, алдағы дүйсенбіде ол жаңартылған кезде жоғарылары анық.

Енді жылды жақсы бастаған қазақ қызына алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.