АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-інші ракеткасы Зарина Дияс Страсбург турнирінің ширек финалында ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездесетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін А.Павлюченкова жарыстың екінші айналымында отандасы Наталья Вихлянцеваны 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Дүниежүзілік рейтингте 31інші орында тұрған Анастасия осы турнирдің үшінші ракеткасы болып тіркелген. Ол Зарина Диястан екі жасқа үлкен, кезінде рейтингте 13-сатыға дейін көтерілген тәжірибелі теннисшілердің бірі болып саналады.
Еске сала кетейік, кеше З.Диястың әлемнің 37-інші ракеткасы, венгриялық Тимея Бабошты ұтып, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).