Теннис: Жаңа рейтинг жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Өткен жолы да көш бастаған испаниялық Рафаэль Надаль, швейцариялық Роджер Федерер және хорватиялық Марин Чилич үздік үштікті ешкімге берер емес.

ТОП-100 қатарына енген Қазақстанның жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 73-орнында қалды.

Ал үздік жүздікке ең жақын тұрған екінші қазақстандық теннисші Александр Бублик бір орын төменге сырғып, 132-ші қатардан көрінді.