Теннис: Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды
18:11, 02 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген еді.
Ж.Құламбаева - А.Раина финалда доданың 2-ракеткалары, швециялық Жаклин Кабай Авад - литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақстандық-үндістандық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Аргентинадағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.