НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ж.Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бұл – Ж.Құламбаеваның өзінің спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысы.
Қарағандыда жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік шықты. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің елордадағы жарыстың жеңімпазы атанғанын, Зарина Диястың АҚШ-тағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Фото: ktf.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).