Теннисші Александр Бублик жеке рекордын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемнің 16-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылы ATP негізгі турнирінде бір маусымда 34 жеңіске жетті, бұл оның ең жақсы нәтижесі болды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Фото: Sports.kz

Championat.com сайтының мәліметінше, Бубликтің бұған дейінгі ең жақсы көрсеткіші 2021 жылы 33 жеңіс болған.

Александр Париждегі (Франция) «Мастерс» турнирінің бірінші айналымында 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол аустралиялық Алексей Попыринді (рейтингіде 47-орында) 6-4, 6-3 есебімен жеңді.

Екінші айналымда Бублик Корентин Муте (Франция) мен Райлли Опелка (АҚШ, LL) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

Париждегі «Мастерс» турнирінің қазіргі жеңімпазы – германиялық теннисші Александр Зверев. Өткен жылғы финалда ол француздық Уго Умберді жеңген болатын. 

Бұған дейін Александр Бублик Париж мастерс жарысын жеңіспен бастағанын жазған едік.