Қазақстандық теннисші эстониялық Кристьян Таммен бірге алғашқы айналымда тартысты матчта үндістандықтар Нитин-Кумар Синха - Маниш Сурешкумарды жолдан тайдырды – 7:6 (9:7), 2:6, 10:6.
Қазақстандық-эстониялық жұпқа бүгін екі бірдей кездесу өткізуге тура келді.
Ломакин – Тамм ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, жапониялықтар Синдзи Хазава – Сунсюкэ Мицуиді қапы қалдырды – 6:3, 6:4.
Содан кейін жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, аустралиялықтар Итан Кук – Тай Сачты камбэкпен тізе бүктірді – 4:6, 6:3, 10:7.
Григорий Ломакин – Кристьян Там финалда жапониялықтар Тайсей Ишикава — Масамити Имамурамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Бір қызығы, Ломакин алдыңғы аптада ресейлік Петр Бар-Бирюковпен бірге Астанада Президент кубогы аясында өткен ATP Challenger турнирінің финалында дәл осы жапониялық жұпқа есе жіберген еді.
Бұл жолы Ломакин қарымта қайыра ала ма, оны 23 тамызға белгіленген соңғы бәсеке көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Астанадағы челленджер турнирінің финалына дейін жеткенін жазған едік.