Теннисші Александр Недовесов Словакиядағы турнирдің финалына шықты
21:25, 12 Қараша 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами - Дивиж Шаранмен кездесті.п
Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Недовесов пен Молчанов 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйспен шектелді.
А.Недовесов пен Д.Молчановтың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесовтің жұптық сында Словакиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.