НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Корденонс (Италия) челленджер жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
А.Голубев пен уругвайлық Ариэль Бехар финалда осы турнирдің 1-ракеткалары, аргентиналық Андрес Мольтени мен монаколық Хьюго Ниспен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Корденонс додасының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-уругвайлық жұп басымдылықтарын көрсете білді – 7:5.
Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте А.Голубев пен А.Бехар брейк жасап, алға шықты. Ақыры олар матчты жеңіспен аяқтай білді – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды.
Сонымен А.Голубев пен А.Бехар Италияда өткен осындай турнирдің үшінші рет қатарынан чемпионы атанып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубевтің Италиядағы жарыстың финалына, Ю.Путинцеваның US Open турнирінің төртінші айналымына шыққанын, ал М.Кукушкиннің жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).