Рейтинг басында испаниялық Рафаэль Надаль тұр, екінші орынға Швейцария өкілі Роджер Федерер орналасқан, ал үздік үштікті аргентиналық Хуан Мартин дель Потро түйіндеді.
ТОП-100 қатарындағы жалғыз қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 86-орыннан 88-орынға сырғыды. Ал Александр Бублик 67 саты төмен сырғып, 239-орынға тұрақтады. Тағы бір жерлесіміз Александр Недовесов - 231-орында тұр.