НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман - эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-түркиялық жұп үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті.
Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ашық көздерден алынған фото
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).