Ширек финалда Попко испан спортшысы Энрике Лопес-Пересті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Бұл - қос теннисшінің тұңғыш кездесуі.
Енді финалға шығу үшін отандасымыз аргентиналық Гвидо Андреоццимен (245) шеберлік сынасады. Бұрын кездеспеген спортшылар наурыздың 2- нен 3-іне қараған түні Астана уақытымен 03:00-де ойын алаңына шығады.
Осы уақытта Италия теннисшілері Симоне Болелли мен Алессандро Джанесси де қатар ойнайды.